Алматылық тауып алған оқ үшін 1 жылға сотталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы өзені жағасынан тауып алған оқ-дәрі үшін алматылық тұрғын бір жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қаласы Бостандық ауданының № 2 аудандық сотында оқ-дәрiлердi заңсыз алып жүрді деген айыппен қылмыстық ісі қаралды.

Сот залында сотталушы досымен 2017 жылғы 9 маусымында Алматы өзені жағасында серуендеп жүріп, қару оғын тауып алғанын айтты. Ол оқ-дәріні алып, құқық қорғау органдарына хабарламаған. 2017 жылы 10 шілдесі күні сағат 00:30 шамасында сотталушыны патрульдік полиция қызметкерлері тоқтатып, жоғарыда аталған оқ дәрі тәркілеген.

Сотталушы өзіне тағылған айыпты толық мойындады. Сот үкімімен ол Қазақстан Республикасының ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігіндегі қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар