Алматылық оқушылар арасында робототехникадан чемпионат өтті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 21-22 қазан күндері физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде қаланың мектеп оқушылары арасында робототехника бойынша IITU Robocon Games екінші чемпионат өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бес ай бойы алматылық 15 оқушы екі роботты жасап шығарумен айналысты. Олардың алдағы мақсаты - ойын алаңында белгілі бір уақытқа құбырларды шарларға толтыру. Ең көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.

«2017 жылы дайындық қана емес, қызығушылық білдірген аудитория да арта түседі деген сенімдемін. Кейін, робототехника бойынша университетаралық турнирді өткізу туралы идеяны жүзеге асыруға мүмкін болады», - деп жазды Facebook-қа Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ректоры Дамир Шыныбеков.

Д.Шыныбеков химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебін жеңістерімен құттықтап, робот құрастыру саласында білімді жетілдіру үшін келесі жылы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетіне шақырды.

Соңғы жаңалықтар