Алматылық гимнаст қыз халықаралық турнирде 3 медаль жеңіп алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылық гимнаст қыз Сабина Қикымова Эстониядағы дүбірлі додадан жүлдемен оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сабина көркем гимнастикадан  «Miss Valentine 2018» халықаралық турнирінде алдына жан салмай, 2 алтын, 1 күміс медаль алды.

Сайыс Эстонияның  Тарту қаласында өткен болатын. Жарыста әлемнің 27 елінен гимнаст қыздар бақ сынасты.

 «Мiss Valentine» турнирі - Эстонияда өткізілетін аса ірі халықаралық жарыс. Тартудағы гимнастика апталығы мен «Miss Valentine» турнирі Эстония мемлекетінің 100 жылдығын тойлауға тұспа тұс келеді.

Соңғы жаңалықтар