Алматылық Фейсбук арқылы банктен екі жүз мыңнан астам теңге ұтып алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылық Берік Сарбасов еліміздегі ірі банктің бірінен Фейсбук әлеуметтік желісінде пікірінің танымал болғаны үшін сыйақы алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бір апта бұрын Fortebank пен 32 жастағы алматылық Берік Сарыбасовтың арасында бәс тігілген болатын. Банк алматылықтың Фейсбук парақшасындағы бір пікіріне басылған ұнату (лайк) белгісіне қарай, яғни қанша адам «лайк» қалдырса, сонша ақша төлейтінін жеткізген. Банк шарты бойынша, әр адамның «лайк» белгісі үшін 10 теңгеден төленетін болып келісілген.

«Мен өз пікірлерімнің бірінде банкке өмір бойына пайызсыз несие белгілеу туралы ұсыныс айтқанмын. Таңқалғаным, олар бұған жауап беріп, бәстесуге шақырды», - дейді Берік Сарбасов.

Бәстесудің бір шартында «лайк» белгісін басушыларды қолдан көбейтуге тыйым салынды. Берік Сарыбасов Фейсбук қолданушылардың көмегімен 18 323 «лайк» жинап, банктен 207 830 теңге алды.

Соңғы жаңалықтар