Алматылық бойжеткеннен Денге безгегінің қоздырғышы табылмады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат Алматылық келіншектен Денге безгегінің қоздырғышы анықталмады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Лейла Кеңесбаева айтты.

«Бұған дейін бойжеткен Тайланд елінде демалып келген. Алматыға келген соң 10 күн өтпей-ақ, ыстығы көтеріліп дәрігер шақыртқан. Дәрігерлер Денге безгегінің жұқпасы болуы ықтимал деген қауіппен оны тексеруден өткізді. Зертханалық талдаулардан соң одан Денге безгегінің қоздырғышы табылған жоқ», - деді Л. Кеңесбаева.

Медицина мамандары тропикалық елдерде демалушыларға аталған жұқпалы дерттен абай болуын ескертті.

Соңғы жаңалықтар