Алматылық апасынан 90 млн теңге ұрлап, 6 жылға сотталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы №2 Медеу аудандық сотында К.-ның аса ірі көлемде ұрлық жасауына байланысты қылмыстық іс қаралды, деп «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Ер кісі туған апасынан миллиондаған теңге, мыңдаған доллар, рубль, жапондық йен, 160 ағылшын фунт стерлингін және бағалы заттарды ұрлаған. Ұрланған мүлік 90 млн теңгеден астам соманы құрайды.

«Сот 2016 жылдың маусым айында К.-ның Н. есімді апасының пәтері кілтінің телнұсқасын алып, сондай-ақ материалдық кірісінің жақсы екенін біліп, аса ірі көлемде біреудің мүлкіне қол сұғуға шешім қабылдағанын анықтаған. Ер кісі 2016 жылдың 7 маусымы күні сағат 16:00-де апасының үйіне келіп, дабыл жүйесін өшіріп, 22 млн.теңге, 200 мың доллар, 9 мың ресей рублі, 1050 еуро, 3 мың йен, 160 ағылшын фунт стерлингі мен бағалы заттарын қолды еткен. Материалдық зиян 90 886 000 теңгені құрайды», - деп айтылады хабарламада.

Соттың шешімімен, К. Қазақстан Республикасы ҚК 188 бабының 4 бөлімі, 3 тармағында көрсетілген қылмысқа орай айыпты деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Мүлкі тәркіленіп, жалпы режімді түзету колониясында айыбын өтейтін болады. Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Соңғы жаңалықтар