Алматылық ағалы-қарындасты екеу елді алдаумен айналысып келген

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда елді алдап ақша табумен айналысқан ағалы-қарындасты алаяқтар ұсталды. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Әуезов аудандық ІІБ мәліметінше, 27 жастағы Зарина Әтембаева мен 37 жастағы Ерік Сейітбай адамдарға кезексіз баспана алып беремін деп алдаған.

«Бойжеткен өзін әкімдік қызметкерімін деп таныстырып, кезексіз баспана алып беруге уәде берген. Өзінің қызметі үшін ол 1 мың доллардан бастап ақша алып отырған. Қаражатты оның ағасы Ерік алады. Бүгінде олардың әрекетінен 2 адам зардап шеккені анықталды. Олардың саны одан да көп болуы мүмкін», - деді аудандық ІІБ басшысы Бақыт Қасабеков.

Соңғы жаңалықтар