Алматылық 20 өрен әскерге аттанды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жастардың кезекті тобы әскер қатарына аттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық қорғаныс істері басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, Алматыдан 20 шақты әскерге шақырылушы Қазақстан Республикасы қарулы күштері қатарына қабылданды. Олар Жетіген әскери бөлімшесінде әскери борыштарын өтейтін болады.

null

Жастарды үлкен өмірге шығарып салуға туысқандары мен жақындары келді.

«Бұл - әр қазақстандықтың борышы. Оны абыроймен атқару керек. Мен өзім әскери қызметші боламын деп алдыма мақсат қойдым. Әскери борышымды өтеген соң ҚР Қарулы күштері қатарында қызмет етуді жалғастырғым келеді», - деді шақырылған жастардың бірі  Абзал Оразбай.

null

Қалалық әкімдік өкілдері жастарға арнайы сыйлықтар табыс етті.

Департамент маманы Кристина Новикованың айтуынша, жылына Алматыдан 2000-ға жуық өрен Қарулы күштер қатарына, Шекаралық қызмет қатарына, Мемлекеттік күзет қызметі қатарына шақырылады. 

null

Соңғы жаңалықтар