Алматыға ФИФА кубогі әкелінеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда өткен халықаралық футбол күніне арналған баспасөз мәслихатында Coca-Cola компаниясының өкілі Қазақстанға Әлем кубогі келетіндігін мәлімдеді, деп хабарлайды sport.inform.kz сайты.

Теңбіл доп додасының ең басты трофейін ФИФА-ның ресми өкілдері 2018 жылы ақпанның 4-і күні Пәкістаннан Алматыға алып келеді. Бір күннен соң кубок басқа елге өз турын жалғастырады. Футбол додасының басталуына дейін әлем кубогы  дүниежүзінің  52 мемлекетін аралайды. Қазақстан осы трофейді екінші рет қабылдайтын алғашқы мемлекет болады. Бірінші рет Әлем кубогы Алматыға 2010-шы жылы келген болатын.

- Бұл Кубок арнайы күмбездің ішінде сақталып, бір күн бойы Алматының Розыбакиева көшесіндегі орталық Мегада тұратын болады. Қала қонақтары мен тұрғындары келіп көруге, суретке түсуге мүмкіндік алады, - деді Coca-Cola компаниясының өкілі Александра Аккирман.

Әлем чемпионаттарының алдында өткізілетін дәстүрлі тур қыркүйек айының  9-ы күні Ресей астанасы Мәскеу қаласындағы «Лужники» стадионында басталды. Осы алаңда ашылу салтанаты мен финалдық ойын өтеді. ФИФА кубогінің туры Ресейде мамыр айында аяқталады.

Соңғы жаңалықтар