Алматыдан Астанаға қатынайтын қосымша бағыттар ашылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «ЭКСПО-2017» көрмесінің ашылуы қарсаңында Астанаға қатынайтын қосымша әуе, теміржол, автобус рейстері ашылды. Бұл туралы ЭКСПО-2017» көрмесінің Алматыдағы жедел штаб басшысы Самғат Ермекбаев айтты.

Бұған екі қала арасындағы жолушы легінің 30% -ке артуы себеп болып отыр. Осыған дейін Алматыдан Астанаға күніне шамамен 4 832 адам қатынаса, маңызды шара қарсаңында бұл көрсеткіш 6 000 адамға дейін артады.

Атап айтқанда, күн сайын қос қала арасында 13 ұшу бағытында 1100 адам тасымалданса, енді 300 жолаушы орны бар тағы да 4 рейс қосылды. Күн сайын Астанаға баратын пойызға 408 орындық тағы бір вагон жалғанды. Бұлардан өзге, күнара қатынайтын бағытқа қосымша құрам бөлінді, соның арқасында жолаушылар саны 512 адамға артты.

Күн сайын жүретін автобус рейстері 2- ден 6-ға көбейді, 110 орынға тағы да 300 орын қосылды. Сондай-ақ, «ЭКСПО-2017» көрмесінің Алматыдағы жедел штаб басшысы Самғат Ермекбаев мегаполисте ақпараттық- түсіндіру жұмыстарының қарқынды жүріп жатқандығын айтты.

«Әсіресе, сауда орындары ұжымдарында 187 мың адамға, өндіріс орындарында 45 мың адамға, екінші деңгейлі банктерде 40 мың адамға, ЖОО-ның 13 мың оқытушысы мен 130 мың студентке, бюджеттік ұйымдардағы 56 мың қызметкерге ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған халықаралық көрменің маңыздылығы жөнінде қаладағы 201 мектеп пен 80 орта оқу орнында да сынып сағаттары өтіп жатыр», - деді Ермекбаев.

Жедел штаб басшысы қалада «ЭКСПО- 2017» туралы ақпараттың 130-ы билборд пен LED-дисплейде, халық көп жиналатын жерлерде кеңінен көрініс тапқанын айтты.

Қалалық кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, бұған дейін Алматыдан Астанаға азық- түлік тауарларын тікелей жеткізу туралы екі қала әкімдіктері арасында меморандумға қол қойылған болатын.

Меморандум аясында 3 ай ішінде бас қалаға 20 000 тонна ет, көкөніс, жеміс, сүт өнімдерін жеткізу жоспарланған

Соңғы жаңалықтар