Алматыдан 905 шақырым қашықтықта жер сілкінді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сеймологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 2018 жылғы 5 сәуірде Алматы уақытымен 21 сағат 08 минут 03 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 905 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан.

Зілзаланың энергетикалық санаты - 12.0. MPV магнитудасы - 5.6, ошағының тереңдігі - 35 км.

Соңғы жаңалықтар