Алматыдан 825 шақырым қашықтықта жер сілкінді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  ҚР БҒМ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 2018 жылдың 20 қаңтары күні Алматы уақытымен 19 сағат 50 минут 52 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Зілзала ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 825 шақырым жерде, Қытай территориясында болды.

Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 10.0. Магнитудасы - 4.5. Тереңдігі - 15 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпараттар жоқ», - делінген «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нан. 

Соңғы жаңалықтар