Алматыдан 781 км қашықтықта жер сілкінді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 2017 жылғы 22 маусымда Алматы уақытымен 10 сағат 10 минут 49 секундта жер сілкінісін тіркеді.

Хабарламада «Зілзаланың ошағы Алматы қаласынан  оңтүстік батысқа қарай 781 км қашықтықта Тәжікстан аумағында орналасқан. Энергетикалық қуаты 11.6.  Магнитудасы 5.3 MPV. Тереңдігі 20 км. Жер сілкінісінің сезілгендігі туралы мәлімет жоқ», - делінген.     

Соңғы жаңалықтар