Алматыдан 610 шақырымда жер сілкінді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 2017 жылдың 6 маусым күні 05 сағат 24 минут 02 секундта жер сілкінісін тіркеді.

«Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 610 шақырым қашықтықта, Тәжікстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 9.8.  Тербелісі - 4.3. Зілзала ошағының бағыты 39.21 с.б. 71.91 ш.е. Тереңдігі 25 км. Жер дүмпуі Алматыда сезілмеді», - делінген хабарламада. 

 

Соңғы жаңалықтар