Алматыдан 576 шақырым қашықтықта жер сілкінді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР БҒМ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 2018 жылғы 5 ақпанда 7 сағат 56 минут 36 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зілзала эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 576 шақырым жерде, Өзбекстан аумағында болды.

Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 10.0. MPV магнитудасы - 4.7. Ошағының тереңдігі - 20 шақырым.

Жер дүмпуі Алматыда сезілген жоқ. 

Соңғы жаңалықтар