13:35, 12 Наурыз 2018 | GMT +6
Алматыдан 573 шақырым қашықтықта жер сілкінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР БҒМ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 2018 жылғы 12 наурызда 12 сағат 33 минут 13 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 459 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан. Зілзаланың энергетикалық санаты - 9.7. MPV магнитудасы - 4.3, ошағының тереңдігі - 15 км.
Жер сілкінісі Алматыда сезілмеді.