Алматыдан 496 шақырым қашықтықта жер сілкінді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыдан 496 шақырым жерде магнитудасы 3,9-ды құрайтын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР БҒМ Ғылым комитетіндегі «Сейсмологиялық тәжірибелік-методикалық экспедициясы» ММ сілтеме жасап.

«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» 7 қаңтар күні Алматы уақытымен 02 сағат 54 минут 35 секундта жер сілкінісін тіркеді. Зілзала ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 496 шақырым жерде Қазақстан территориясында орналасқан»,-деп хабарлайды ведомство.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы -  9.4. Тереңдігі - 10 шақырым.

Соңғы жаңалықтар