07:05, 19 Наурыз 2018 | GMT +6
Алматыдан 480 шақырым қашықтықта жер сілкінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР БҒМ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 19 наурызда 04 сағат 23 минут 23 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 480 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан. Зілзаланың энергетикалық санаты - 9.9. Тербелісі - 4.6.
20 шақырым тереңдікте болған жер дүмпуі Алматыда сезілмеді.