Алматыдан 252 шақырым қашықтықта жер сілкінді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 7 желтоқсан күні 19 сағат 16 минут 40 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 252 шақырым қашықтықта Қытай мен Қырғызстан шекарасының аумағында болды. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 9.4. MPV тербелісі  - 4.6. Тереңдігі - 20 шақырым.

Жер дүмпуі Алматы қаласында сезілген жоқ.

Соңғы жаңалықтар