Алматыдан 223 км қашықтықта жер сілкінді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сеймологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 24 қыркүйекте 15 сағат 27 минутта жер сілкінісін тіркеді. 

Зілзаланың ошағы Алматы қаласынан солтүстік шығысқа қарай 223 км қашықтықта болды.
Жер сілкінісінің энергетикалық сыныбы - 10.4, тербелісі - 4.5, тереңдігі 15 км.
Жер дүмпуі Алматы қаласында сезілмеді.

Соңғы жаңалықтар