Алматыдан 218 шақырым қашықтықта жер сілкінді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 24 қазан күні 04 сағат 47 минут 56 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 218 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан. Жел сілкінісінің энергетикалық санаты - 8,6. MPV магнитудасы - 3,8. Тереңдігі - 20 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәліметтер жоқ. 

Соңғы жаңалықтар