Алматыдан 207 шақырым қашықтықта 4.7 балдық жер сілкінісі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР БҒМ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 2018 жылдың 19 ақпаны күні Алматы уақытымен 07 сағат 01 минут 45 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 207 км қашықтықта Қазақстан аумағында орналасқан.

«Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 9.7. MPV магнитудасы - 4.7. Тереңдігі - 5 км», - деп хабарланды ведомстводан.

Соңғы жаңалықтар