Алматыдағы жол қиылысында «Жигули» мотоциклді қағып кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Жигули» көлігі мотоциклді қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апаты Мұстафин мен Торайғыров көшелерінің қиылысында  болды.

 «Жигули» Мұстафин көшесімен солтүстікке қарай келе жатып, Торайғыров көшесіне қарай солға бұрылады. Сол кезде Мұстафин көшесімен жоғары көтеріліп келе жатқан мотоциклді байқамай, қағып кетеді.

Соққыдан мотоциклі жүргізушісі мен жолаушысы жапа шекті. Оларды жедел жәрдем алып кетті. Ал "Жигули" жүргізушісі жарақаттанбаған.

Жол апатының мән-жайын полиция қызметкерлері анықтап жатыр.

Соңғы жаңалықтар