Алматыдағы жол апаты: Үш бала ауруханаға түсті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда екі иномарка соқтығысып, үш бала жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол-көлік апаты Жоғары Каменка ауданындағы Гроза көшесінде болған.

Toyota Camry көлігі оңтүстікке қарай келе жатса, Lexus автокөлігі солтүстікке, Чапай ауылына бара жатқан.

Куəгерлердің айтуынша, "Лексустың" алдындағы автокөлік күрт тоқтаған. Оған соғылып қалмауды көздеген жүргізуші рульді солға бұрып, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен жəне "Тойотамен" бетпе-бет соқтығысқан. Қатты соққыдан Camry көлігі ұшып кетіп, шам бағанасына ұрынған.

Апат салдарынан "Лексус" көлігінде отырған үш, бес жəне 13 жастағы үш бала зардап шекті. Үшеуі де түрлі жарақатпен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар