Алматыдағы жол апаты: Екіге бөлініп кеткен көліктің жүргізушісі аман қалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы Құлжа тас жолында екі автокөлік соғысты. Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жол-көлік апаты Құлжа жолының бойында, Т.Рысқұлов даңғылының солтүстігінде болған.
Куәгерлердің айтуынша, Mitsubishi Galant пен Mazda Құлжа тас жолымен келе жатқан және Mazda солға - Қайрат ауылына апаратын жолға бұрылған. Оған үлкен жылдамдықпен келе жатқан Mitsubishi Galant соғылған. Қатты соққыдан Mazda екіге бөлініп кетті.

null
Жол-көлік апатынан Mitsubishi Galant жүргізушісі зардап шекті, Mazda тізгіндеушісі таңданарлық жағдайда аман қалды.

null
Апатқа кімнің кінәлі екенін полиция анықтап жатыр.
nullnull
Автор: Альберт Ахметов

Соңғы жаңалықтар