Алматыдағы жол апаты: бір адам мерт болып, үшеуі зардап шекті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жол апаты салдарынан бір адам қаза болып, тағы үшеуі зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.



Көлік оқиғасы Қазақ мемлекеттік циркіне қарама-қарасы жолда болды. Абай даңғылымен батысқа бет алған «Тойота» көлігінің 22 жастағы жүргізушісі Мұқанов көшесіне бұрылысқа жете бере, рульге ие бола алмай, айналып барып діңгекке соғылды. Жүргізуші оқиға орнында ажал құшты, үш жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Жүргізушінің денесі мен жапа шеккендерді көліктен шығарып алу үшін Құтқару қызметі шақырылды. Олар қатты соққыдан майысқан көлік корпусын кесті. 


Соңғы жаңалықтар