Алматыдағы жол апаты: 3 көлік қирап, 2 адам ауруханаға түсті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда үш автомобиль соқтығысқан жол-көлік апаты болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол-көлік апаты Есенжанов пен Брусиловский көшелерінің қиылысында болған. Есенжанов көшесінде келе жатқан Subaru автокөлігі «Жол бер» белгісін көзге ілмеген. Салдарынан Брусиловский басты көшесіндегі Mitsubishi көлігі Subaru-ды соққан. Куәгерлердің айтуынша, соққы алған Subaru 30 метрге дейін ұшып кетіп, тұраққа қойылған Toyota көлігіне зақым келтірген.

Жол-көлік апатынан түрлі жарақат алған Subaru жүргізушісі мен жолаушысын жедел жәрдем көлігі ауруханаға алып кетті.



Соңғы жаңалықтар