Алматыдағы жер сілкінісінен зардап шеккендер жоқ - ТЖД
«2016 жылдың 18 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық «тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» сейсмикалық стансалар желісі 11 сағат 54 минутта жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің кіндігі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 138 шақырымда орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.3. Магнитудасы MPV 5.0. Зілзала ошағының бағыты 43.27° с.е. 75.21° ш.б. Тереңдігі 15 шақырым. Алматыда 2-3 баллдық жерасты дүмпуі сезілді», - деп атап өтті мекеме.
«ІІД Жедел басқару орталығының хабарлауынша, патрульденген аумақта зақымдар мен қирау фактісі анықталған жоқ», - деп хабарлады ТЖД.
«Қазселден қорғау» ММ хабарлауынша, гидротехникалық ғимараттарда, көшкін және сел қаупі бар аймақтарда пішіннің өзгеруі, шөгу немесе сызаттар анықталған жоқ.