Алматыдағы жәрмеңкеде Алматы облысының 360 тонна азық-түлігі саудаланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы қаласының «Астана» алаңында Алматы облысының барлық аудан, қалаларының және «Жетісу» ӘКК-нің қатысуымен кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті.

Облыстың тауар өндірушілері сапалы әрі экологиялық таза өнімдерден 360 тонна азық-түлік саудалады, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, 63,5 тонна ет, 9,6 тонна балық, 12,5 тонна сүт пен сүт өнімдері, 62,4 тонна картоп, 86,7 тонна көкөніс, 36 тонна жеміс-жидек, сол сияқты күріш, жұмыртқа, қант, бал, шұбат, қымыз және басқа да тағамдар сауда сөрелерінен орын алды. Барлығы 180 млн. теңгеге азық-түліктің 50-ге тарта түрі жәрмеңкеге шығарылды.

Жалпы, жәрмеңке Алматы қаласы маңында азық-түлік белдеуін дамыту мақсатында, сондай-ақ бағаны тұрақтандыру мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жыл сайын тұрақты түрде ұйымдастырылады.   

Қала тұрғындары тағамдардың жоғары сапалылығы мен нарық бағасынан төмен саудаланған құнына ризашылықтарын білдірді.  

Жәрмеңкеде облыс өнерпаздарының концерті ұсынылды. 

Соңғы жаңалықтар