Алматыдағы ядролық реактор қалай жұмыс жасап тұр?

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы ядролық физика институтының ашылғанына биыл 60 жыл толды. Мерейлі датаға байланысты халықаралық слет өтіп жатыр. Шараға 12 елден ядролық физиктер келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.



Ядролық реактор КСРО кезінен пайдаланыла бастады. Ол заманда ядролық реаторлар әр аймақта болатын. 1998 жылы нысан қайта жөндеуден өтті. Осы уақыт аралығында қазақстандық физиктер ядролық физиканың көптеген қыр-сырын зерттеді.

«2003 жылдан бастап реакторды өзгерту басталды. Бүгінгі реактор мүлде басқа. 2016 жылы реактордың жаңа конфигурациясын жасадық. АҚШ тарапынан берілген қаржылық көмектің арқасында реактордың жаңа аймағы жасақталды. Басқару жүйесі, салқындату жүйесі жаңартылды. Реакторды сәтті жүргіздік. Біздің нысан әлемдік антиядролық қозғалыс қағидаттарына толық жауап береді. Енді біздің реактор аз байытылған уранмен жұмыс жасайды. Соған көшкен кезде бізде нейтрондар ағысы екі есе артық болды. Осындай қуатты реактордың болғаны жапондық әріптестерімізбен біріккен жоба жасауға мүмкіндік берді. Қазір жапондар біздің реакторды медицина мен өндірісте пайдаланады», - деді Ядролық физика институтының диреткоры Ерғазы Кенжин.





Кеңес одағы кезінде ядролық реактор әскери мақсаттағы ғылыми эксперименттерде пайдаланылған.

«Қазір ВВР - К көп мақсатта пайдаланылады. Ядролық физикадағы ғылыми эксперименттермен қатар медицина саласына қажетті құралдар, радиациялық жабдықтар бар. Реактор МАГАТЭ-нің талаптарына сәйкес келеді», - деді ол.



Инстиуттың территориясында күзет тұр. Мұнда жақында ядролық қауіпсіздік бойынша оқу орталығы ашылған. Отандық мамандар америкалық әріптестерінен стратегиялық нысанға жасалуы мүмкін шабуылдың алдын алу туралы сабақ алып жатыр.















Соңғы жаңалықтар