Алматыдағы Түркия консулдығының алдында ер адам өзін-өзі өртеп жіберді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Түркия азаматы Алматыдағы ТР консулдығы ғимаратының алдында өзін-өзі өртеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап.

Оқиға Төле би көшесінде орын алған. Полиция атап өткендей, ер кісі консулдыққа келіп, күзетшімен жанжалдасқан.

«Ер кісі үстіне сұйықтық құйып, өзін-өзі өртеп жіберді», - деп хабарлады Алматы ІІД-де күзетшінің жүгіріп келіп, өртті сөндіргенін айта отырып.

Зардап шегушіні жедел жәрдем қызметкерлері ауруханаға жеткізген. Оқиға орнына жедел топ келіп, себебін анықтауда, деп мәлімдеді ІІД-де. 

Соңғы жаңалықтар