Алматыдағы тергеу оқшаулағышының орнына тұрғын үй салынатын болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы Сейфуллин көшесінің бойында орналасқан тергеу оқшаулағышының орнына көппәтерлі тұрғын үй салынады.

Бұл туралы заңгер Джохар Өтебековтың сұрауына байланысты қалалық Сәулет және қала құрылысы басқармасының өкілдері жолдаған жауапта айтылған.

«Алматы қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы қала әкімі орынбасарының тапсырмасы бойынша, Сіздің Сейфуллина-Мәметова даңғылының бойында орналасқан «ЛА-155/1» РМК тергеу оқшаулағышын сүру немесе оны қайта жөндеуден өткізу жөніндегі сұрауыңызды қарай келе, төмендегіні хабарлайды. Алматының бас жоспары мен жан-жақты жоспарлау жобасы бойынша, Алматының аумағының орталық бөлігіндегі әл-Фараби даңғылы - Есентай өзені - кіші Алматы өзені шекарасында, жоғарыда аталған мекенжай бойынша, тұрғындарға қызмет көрсету нысандары бар көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы қарастырылған»,-делінген құзырлы орган өкілдерінің жауабында.

Соңғы жаңалықтар