Алматыдағы теракт: ІІБ бұрынғы басшысының ісін басқа сот қарайды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 2016 жылы шілдеде болған террористік актіге байланысты қызмет бабында әрекетсіздік танытты деп айыпталған Алмалы аудандық ІІБ экс-басшысы Асқар Болатовтың ісі қалалық сотқа жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осыған байланысты Алмалы аудандық сотында істі қарау тоқтатылды.

«Іс Алматы қалалық сотының қарауына түсті. Сот талқылауы қашан өтетіні кейін хабарланатын болады», - деді баспасөз қызметінен.

Қылмыстық іс былтыр Алматыда 16 шілдеде Руслан Күлекбаевтың полицейлерге жасаған шабуылына қатысты қозғалды. Асқар Болатовқа қатысты ҚР ҚК 370-бабының 4-бөлімімен (қызметтегі әрекетсіздік), 371-бабының 2-бөлімімен (салғырттық), Қайрат Аманжолов пен Сырым Баймендиев ҚР ҚК 370-бабының 4-бөлімімен (қызмет бабында әрекетсіздік) айып тағылды.

Еске сала кетсек, 2016 жылы 18 шілдеде Алматыда теракт жасаған Руслан Күлекбаевқа өлім жазасы тағайындалған. Мораторийге байланысты ол жазасын түрмеде өтеп жатыр. https://kaz.inform.kz/news/bugin-kulekbaevka-katysty-sot-ukimi-shygady_a2965250

Соңғы жаңалықтар