Алматыдағы тарихи кітап дүкені 66 млн теңгеге сатылмақ

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы белгілі әрі тарихи «Академкітап» дүкені осы айдың соңына дейін ғана жұмыс істейді. Бұл туралы «Facebook» әлеуметтік желісінде дүкенге барушылардың бірі жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оның себебі бүгінгі күн үшін маңызды емес. Өйткені, «Академкітап» дүкеніне иелік етуші жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрылтайшыларының бірі Қазақстаннан көшіп кетуге бел буған. Сол себепті олар дүкенді сатып жіберген. Енді тек Гоголь көшесіндегі «Академкітап» дүкені ғана қалады. Онда не болатыны белгісіз... Менің естуімше, дүкен бір ай жұмыс жасап, жабылады. Меніңше, бұл дүкеннің жабылуы - тұтас тарихи дәуірдің аяқталғанымен бірдей», - деп жазды желі қолданушысы Alnur Ilyashev.
null

«Академкітап» қызметкерлері дүкеннің жабылғалы жатқаны туралы ақпаратты растады. Алайда, оның құны мен жабылу себебін атаудан бас тартты.

«Тек Фурманов пен Калинин (бүгінгі Қабанбай батыр көшесі - ред. ) көшесіндегі филиалы ғана жабылады. Гоголь көшесіндегі дүкен сол сатушыларымен, сол бұрынғы жұмыс кестесімен қызметін жалғастыра береді», - деді дүкен сатушысы Людмила Кокорина.
null

Айта кетейік, Алматыдағы көне ғимараттардың бірі сатылатыны туралы хабарлама Крыша.кз сайтында жарияланған. Онда ғимараттың құны 66 800 000 теңге деп көрсетілген.
null

«Академкітап» дүкені 1950 жылы ашылған. 
null

Соңғы жаңалықтар