Алматыдағы шипажайда ірі өрт оқиғасы тіркелді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Алматы» шипажайында өрт болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» қалалық Төтенше жағдайлар қызметіне сілтеме жасап.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің өкілі Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша, Қарғалы шағын ауданында өрт шыққандығы туралы хабар сағат 20-21-де түскен.

Оқиға орнына өрттен сақтандыру қызметінің өкілдері келгенше, саунаның шатыры жанып, жалын жанындағы дәмханаға өтіп кеткен. Өрт 21 сағат 43 минутта ауыздықталып, сағат 22-01-де сөндірілді.

Жалын шарпыған аймақ 250 шаршы метрді құрады. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің ауыздықтау жұмыстарына жеке құрамнан 51 адам қатысқан және 12 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған. Бұған қоса, қалалық ТЖҚ-нің мәліметтері бойынша, сағат 22-19-да Гоголь көшесінен төменірек орналасқан Панфилов көшесіндегі тұрғын үйдің шатыры өртенгендігі туралы хабар түскен.

«Алғашқы өрт сөндіруші көліктер оқиға орнына 5 минуттан соң-ақ келген. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтаумен айланысып, 30 адам қауіпссіз аумаққа көшірілген. Қосымша ақпараттар кешірек болады»,-деді Баймұхамбетова.

Соңғы жаңалықтар