Алматыдағы шабуыл жасалған банк қалыпты режимде жұмыс істеп тұр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Таңғы шабуылдан кейін «ЦентрКредит» банк бөлімшесі штаттық режимде жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін таңертең белгісіз екі адам «Мәметова, 67» мекенжайында орналасқан №22 БЦК ҚЖО кезекшілікте тұрған күзет агенттігінің инспекторына шабуыл жасады. Қарсылық көрсеткен күзетші түрлі дене жарақаттарын алды. Қаскөйлер оның травматикалық қаруын тартып алған», - леп хабарлады «Центркредит».

Банктің хабарлауынша, аталған бөлімше қызметкерлері еш зардап шеккен жоқ, күзет агенттігінің қызметкеріне медициналық жәрдем көрсетілді және оның өміріне төнген еш қауіп жоқ. Қазіргі уақытта БЦК барлық бөлімшелері және қашықтықтан қатынасу сервистері штаттық режимде жұмыс істеп тұр. «Банк өкілдері Алматы ІІД қылмыскерлерді іздеу және ұстауға бағытталған шараларына көмек көрсетуде. Біз қылмыскерлердің жақын арада табылатынына және жасаған қылмыстары үшін жазаға тартыларына үміттенеміз», - делінген банк хабарламасында.

Айта кетейік, 25 қазан күні таңертең Алмалы ауданындағы «Центркредит» банк бөлімшелерінің бірінің күзетшісіне шабуыл жасалды. Қылмыскерлерді іздеуге және ұстауға бағытталған «Сирена» арнайы жоспары жарияланды. Шабуыл фактісі бойынша, ҚР ҚК 192-бабы, 2-бөлімі («Қарақшылық») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қылмыскерлерді іздеу және ұстау жұмыстары жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар