Алматыдағы метро станцияларының барлығынан адамдар эвакуациялануда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бомба қойылғаны туралы ақпаратқа байланысты Алматыдағы метроның барлық станцияларынан адамдар қауіпсіз аймаққа көшірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

«Метроға бомба қойылды деген жасырын хабарлама ІІБ-на кешкі сағат 7-00-дер шамасында келіп түсті»,-деді «Метрополитен» мекемесінің баспасөз хатшысы Ажар Хабиева. 

«Осы уақытта тексеру жұмыстары жүріп жатыр, барлық станциялардан адамдар эвакуациялануда. Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірінші кезектегі шаралар қолданылуда. Азаматтарды үрей тудырмай, сабырлық сақтауға шақырамыз. Қосымша ақпараттар жағдайдың қалыптасуына қарай кешірек жарияланады»,-деді Алматы қалалық ІІД.

1 2 

Соңғы жаңалықтар