Алматыдағы марафонның үстінде махаббат оқиғасы болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Алматы марафондағы» 42,2 шақырым қашықтыққа жүгірген желаяқтарды күту барысында үлкен сахнада ерекше оқиға орын алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

World Class директоры Уәлихан Тен қатысушылардың көңілін көтеріп тұрып, аяқ астынан махаббат және ғашықтар туралы әңгіме бастап кетті. Біраздан соң сахнаға жарысқа қатысушы жас жігітті шақырды. Сахнаға көтерілген жігіт алматылықтарды спорт меркесімен құттықтай келе Диана атты қыздың сахнаға көтерілуін сұрады.

Қалтасынан сақина алып шыққан жігіт өз ғашығына көңілін білдіріп, «маған тұрмысқа шық» деген ұсыныс жасады. Бойжеткен жігіттің ұсынысын қабылдап, «иә!» деді.
null

null

null  

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда «Алматы-марафон» шарасы жалғасуда, дәстүрлі мереке биыл жетінші мәрте өтіп жатыр. Жарыс жолына 3 , 10, 21 және 42,2 шақырым қашықтық бойынша 14 мың адам шықты.

Соңғы жаңалықтар