Алматыдағы марафонға 14 мыңнан астам адам қатысуда

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда әуесқойлар арасында бұқаралық сипаттағы қайырымдылық спорт шарасы осымен жетінші мәрте өтіп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Алматы марафонына» қатысушыларына табиғат та бар жылуын төгіп, аспанда шөкімдей де бұлт болған жоқ. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыс өткен күні жыл сайын аспан шайдай ашық.

«2018 жылы алдымызға үш қайырымдылық мақсат қойылған. Бұл - «Мен сенімен біргемін» онкологиялық ауруы бар балаларға арналған алғашқы хоспис. Мұнда ауыр науқасқа шалдыққан балалар медициналық күтімге алынып, туыстарының жанында рухани және психологиялық көмекке қол жеткізеді. Сонымен қатар екі бірдей арнайы (коррекциялық) мекеме, интеллектуалдық кемістіктері бар балаларға арналған мектеп-интернат пен Есік қаласындағы көзі нашар балаларға арналған №6 мектеп-интернат. Алғашқы жиналған жарналық қаржыға спорт алаңдары салынады», - деді «Алматы марафонның» директоры Салтанат Қазыбаева.






Биыл «Алматы марафоны» дәстүрлі түрде 3, 10 шақырымға (жүгіру және скандинавиялық жүріс), немесе 21, 42,2 шақырымға (жалғыз және эстафеталық команда) жүгірді. AIMS және IAAF сертификаттаудан өткендерге жаңартылған бағыттар бойынша жүгіру ұсынылды. Сертификат 5 жыл бойы 2023 жылға дейін жарамды.

Жарыстың мәресі мен сөресі жаңа алаңда орналасқан. Дәстүрге сәйкес жүгіру барысында марафоншыларға су және жаңғақ, банан сияқты сияқты тіскебасар ұсынылады. Ал мәреге жеткендерге судан басқа алькогольсіз сыра беріледі.

Сонымен қатар, белгілі бір қатысушының жанкүйерлері онлайн тәртібінде марафоншы жүріп өткен қашықтықты бірыңғай қадағалау жүйесі арқылы қадағалап отыратын инновациялар да бар. Олар 21 және 42 км қашықтықта жүгірушілерге массаж қызметін де көрсетеді.







Биылғы жүлде қоры 1,9 млн теңгені құрайды. Қашықтықты аяқтаған барлық қатысушылар медаль тапсырылады, ал алыс қашықтықтың  жеңімпаздары медаль мен қатар ақшалай сыйлыққа ие болады.

Осыған байланысты бірқатар көшелердегі қозғалыс уақытша тоқтатылды, көшелердегі қозғалыс сағат 14:30-да қалпына келеді.

Соңғы жаңалықтар