Алматыдағы Көктөбе ауданы аймағында екі қабатты тұрғын үй өртенді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Көктөбе ауданы аймағында жаңа екі қабатты тұрғын үй отқа оранды. Өрт сөндірушілерге тілсіз жауды ауыздықтау үшін өрт гидрантын 500 метр қашықтықтан іздеу қажет болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өрт жоғарғы қабаттан басталған және алдын ала болжамдар бойынша ол электр сымынан шыққан. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетованың сөзінше, өрт туралы хабар 101 пультіне сағат 17:26-да түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына хабар алысымен 8 минуттан соң, яғни сағат 17:34-те жетті.

Өрт оқиғасы бойынша мән-жайды анықтау барысында 2 қабатты жеке тұрғын үйдің мансардысы жанғандығы белгілі болды. Өрт 1 сағаттың көлемінде, 18:30-да ауыздықталды. Қолға алынған шаралар 2 қабатты үйдің төменгі қабатының өртенуінің алдын алуға мүмкіндік берді»,-деді Сандуғаш Баймұхамбетова.

Өрт сағат 18:50-де толықтай сөндірілді. Мерт болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Кейбір мәліметтер бойынша аталған үйде танымал қазақстандық желі ресурстарының бірінің редакциясы орналасқан.

Соңғы жаңалықтар