Алматыдағы қараңғы көшеде жаяу жүргіншіні көлік басып кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы көшелерінің бірінің бойында жаяу жүргіншіні көлік қақты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға Жансүгіров пен Қазыбаев көшелерінің қиылысқан тұсында Рысқұлов көшесінің бойында болды. Honda CRV Рысқұлов көшесінің бойымен батысты бетке алып кетіп бара жатқан. Ал жаяу жүргінші жолды белгіленбеген жерден қиып өтпек болған. Куәгерлердің сөзінше, жолдың бұл бөлігі жарықтандырылмайды.

Алған жарақатының салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Оны тексергенде ешқандай құжат табылмады. Мерт болған азамат шамамен 35 жаста.
nullnullnull

Соңғы жаңалықтар