Алматыдағы ірі жол апатында тоғыз адам зардап шегіп, біреуі қаза болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ірі жол апаты салдарынан тоғыз адам зардап шегіп, бір адам қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.



Volkswagen жүргізушісінің сөзіне қарағанда, ол Берлинский көшесімен Қапшағайға қарай бет алып келе жатқан. Оң жағынан үлкен жылдамдықпен Subaru жүйіткіп, өзге көліктерді басып озып келе жатқан. Кенеттен жапондық көліктің жүргізушісі рульге ие бола алмай қалып, жол үстінде айнала бастаған. Ол Volkswagen-ді соғып, кейін қарсы жолға шығып кетіп, Toyota Camry-мен түйіскен.

Жол апаты салдарынан тоғыз адам: Subaru көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы, Toyota Camry-де болған үш ересек және төрт бала зардап шекті. Олардың барлығы жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Toyota Camry-дің жүргізушісі жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. 



Соңғы жаңалықтар