Алматыдағы бокс кеші: Нұрымбетов кәсіби бокстағы кезекті жеңісіне қол жеткізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда өтіп жатқан бокс кешінде Қазақстан боксшысы Берікбай Нұрымбетов қарсыласынан басым түсті.

6 раундтық рейтингтік жекпе-жекте Қазақстан боксшысына қарсы украиндық Валентин Куц шықты. Шаршы алаңдағы кездесу қорытындысында төрешілердің шешімімен Б.Нұрымбетов жеңіске жетті.

Айта кетерлігі, қазақстандық былғары қолғап шебері кәсіби бокстағы үшінші кездесуін де жеңіспен аяқтап отыр. Ал украиндық болса, бұған дейін 25 рет шаршы алаңға көтеріліп, 5 рет жеңіліске ұшыраған.

Осы кеш аясында қазақстандық Али Ахмедов пен Айдар Шәрібаев шаршы алаңға шығып, екеуі де грузиялық қарсыластарын жекпе-жектің алғашқы раундында-ақ нокаутқа жіберген болатын.

Соңғы жаңалықтар