Алматыдағы бокс кеші: Мәжіт Бектемір грузин боксшысын жеңді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда өтіп жатқан бокс кеші аясында қазақстандық Мәжіт Бектемір пен грузиялық Гари Абаджян қолғап түйістірді.

6 раундқа созылған рейтингтік жекпе-жекте қазақстандық боксшы төрешілер шешімімен грузиялық былғары қолғап шеберінен басым түсті.

Айта кетейік, М.Бектемір шаршы алаңда бұған дейін 17 кездесу өткізіп, оның бірінде қарсыласына есе жіберсе, 12 кездесуін нокаутпен аяқтаған. Ал грузиялық болса 33 рет шаршы алаңға көтеріліп, 17 рет жеңілгені белгілі.

Айта кетейік, бұған дейін, қазақстандық Али Ахмедов, Айдар Шәрібаевтар шаршы алаңға шығып, екеуі де грузиялық қарсыластарын алғашқы раундта-ақ нокаутқа жіберген болатын. Сондай-ақ, 6 раундтық рейтингтік жекпе-жекте украиндық Валентин Куцпен қолғап түйістірген Берікбай Нұрымбетов төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Соңғы жаңалықтар