Алматыдағы бокс кеші: қазақстандық Журавский WBO Oriental белбеуін иеленді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда өткен бокс кеші аясында қазақстандық Александр Журавский мен тайландық Патомсук Патомпотонг WBO Oriental белбеуі үшін айқасты.

Кездесудің екінші раундында қазақстандықтың ауыр соққыларын алған тайландық екі рет нокдаун алып, жекпе-жекті ары қарай жалғастыра алмады. Осылайша, WBO Oriental белбеуі Қазақстан боксшысына бұйырды.

Айта кетейік, Алматы төрінде өткен бокс кешінде қазақстандық Али Ахмедов, Айдар Шәрібаевтар шаршы алаңға шығып, екеуі де грузиялық қарсыластарын жекпе-жектің алғашқы раундында-ақ нокаутқа жіберген болатын. 6 раундтық рейтингтік жекпе-жекте украиндық Валентин Куцпен қолғап түйістірген Берікбай Нұрымбетов төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Бірінші ауыр салмақтағы IBO нұсқасы бойынша интерқұрлықтық чемпион, Global Boxing Council нұсқасының үш дүркін әлем чемпионы Иса Ақбербаев та өзінің чемпиондық атағын қорғап қалды. Ол Германия боксшысы Майк Курцвейлді бірінші раундта нокаутқа түсірді. Мұнан бөлек, қазақстандық Фируза Шәріпова сербиялық Милена Матовичты жеңді.

Соңғы жаңалықтар