Алматыдағы бокс кеші: Фируза Шәріпова Милена Матовичті жеңді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда өткен бокс кеші аясында қазақстандық Фируза Шәріпова мен сербиялық Милена Матович қолғап түйістірді.

Тартысты өткен кездесу барысында сербиялық Қазақстан боксшысының ауыр соққыларының астында қалды. Осыдан кейін Милена Матовичтің бапкерлері шаршы алаңға орамал лақтырып, жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.

Бұл Фирузаның кәсіби рингтегі екінші жеңісі. Ол бір мәрте жеңілістің ащы дәмін татқан еді.

Айта кетейік, Алматы төрінде өткен бокс кешінде қазақстандық Али Ахмедов, Айдар Шәрібаевтар шаршы алаңға шығып, екеуі де грузиялық қарсыластарын алғашқы раундта нокаутқа жіберген болатын. Сондай-ақ, 6 раундтық рейтингтік жекпе-жекте украиндық Валентин Куцпен қолғап түйістірген Берікбай Нұрымбетов төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Бірінші ауыр салмақтағы IBO нұсқасы бойынша интерқұрлықтық чемпион, Global Boxing Council нұсқасының үш дүркін әлем чемпионы Иса Ақбербаев та өзінің чемпиондық атағын қорғап қалды. Ол Германия боксшысы Майк Курцвейлді бірінші раундта нокаутқа түсірді.

 

Соңғы жаңалықтар