Алматыдағы Әуезов ауданының өсу қарқыны 116% құрады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі Алтай Рахымбеков «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» - Ұлт жоспарын» жүзеге асыру аясында жүргізілген жұмыстар туралы баяндап, 2016 жылдың 9 айындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын жариялады.

Алтай Рахымбеков Алматы қ. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Әуезов ауданының халық тығыз қоныстанған аудан екенін хабарлады. 23 шаршы шақырым аумақта 283 мың адам өмір сүреді. Аудан басшысы аудан экономикасының негізі сауда мен қызмет көрсету екенін атап өтті. Сонымен қатар, жыл басынан бері бөлшек саудадағы тауар айналым көлемі 191,9 млрд теңгені құраған.

Алтай Рахымбековтің мәлімдеуінше, 2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында жаңадан пайда болған қызмет көрсету нысандары ауданда 2480 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Аудан аумағында 19 өнеркәсіп мекемесі орналасқан. Жыл басынан тамыз айына дейін жалпы құны 54 млрд. теңге болатын өнім өндірілді, бұл жалпықалалық көлемнің 12,5% құрайды.

«Тұтас алғанда, аудандағы инвестициялық климатты жақсарту жұмыстары айрықша бақылауға алынған. Оған бюджетке салық түсімдері жоспарының орындалуы дәлел. 9 айда бюджетке 50 миллиард теңге түскен. Ауданның өсу қарқыны 116% құрады», - деді А.Рахымбеков.  

Биыл бюджет қаражаты есебінен 50 аула абаттандырылды, асфальт шұңқырлары жөнделіп, бордюрлер ауыстырылды және балалар мен спорттық алаңқайлар бой көтерді. Бұған 350 миллион теңге бөлінген.

 «Өткен жылдан бері дат сәулетшісі Ян Гейлдың ұсыныстарына сәйкес аудан көшелері мен жележолдарын, саябақтарын абаттандырудың жаңа әдістері қолданылуда. Алтынсарин даңғылы мен Момышұлы көшесі реконструкцияланды. Ондағы жаяу жүргіншілер жолы кеңейтіліп, шағын архитектуралық нысандар, балалар алаңқайы мен жаттығу құрылғылары орнатылды», - деп хабарлады ол.

Жыл басынан бері қала халқын жұмыспен қамту орталығының аудандық бөліміне 2486 адам келген, «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша 1514 адам, аймақтарды дамыту бағдарламасы бойынша 285 адам жұмысқа орналасты.

Әуезов ауданында 12 мемлекеттік және 45 жеке меншік медициналық мекемелер жұмыс істейді. Аудан әкімі жеке медицинаны дамытудың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 81-қадамында көрсетілгенін атап өтті. Мұның бәрі бастапқы әлеуметтік-медициналық көмекті қаржыландыру негізінде бәсекелестікті көбейтіп, қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын жоғарылату мақсатында жасалып жатыр. Әуезов ауданының әрбір медициналық ұйымында кез келген тұрғын жүгіне алатын интернет-ресурс пен пациенттерді қолдау қызметі жұмыс істейді. 

Соңғы жаңалықтар