Алматыдағы арт-жәрмеңкеге 300 дизайнер мен суретші келді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жаңа жыл тақырыбына арналған «Christmas Art Fair-2017» арт-жәрмеңкесі жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 



Арт-жәрмеңке ҚР Мемлекеттік орталық музейінде өтіп жатыр. Музей қызметкерлері жәрмеңке жаңа жыл кешінде дәстүрлі шараға айналып, қала тұрғындарына қуаныш сыйлап келе жатқанын айтты.

«Жәрмеңке көрмеде Қазақстан, Испания, Ресей, Италия, Өзбекстан, Германия және өзге де елдерден келген 300 дизайнер мен суретшінің авторлық жұмыстары мен жеке жобалары қойылған. Мысалы, Италия мен Испаниядан келген компаниялар жаңа жыл тақырыбына арналған интерьерлерін ұсынып отыр», деді ұйымдастырушылар.

Айта кетейік, «Christmas Art Fair-2017» жәрмеңкесінде зергерлік бұйымдар, киімдер мен интерьер бұйымдары, жаңа жыл шыршасына тағылатын безендіру құралдары, ойыншықтар, фарфор, сөмкелер, керамика, эко-косметика өнімдері бар. Ал тәттісүйер алматылықтар мен қала қонақтары үшін онда таяқшадағы ерекше мұз кәмпиттер мен авторлық карамель, шоколадтар мен тоқаштар қойылған.







Сонымен қатар, қонақтарға интерьер өнері бойынша шеберлік сыныптары өткізіледі. 

Соңғы жаңалықтар