Алматыдағы арнайы операция барысында екі күдікті қолға түсті -ІІД

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының орталығында жүргізілген арнайы операция барысында қылмыстық құқықбұзушылыққа жол берген екі күдікті қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алматы қалалық ІІД-не сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, Фурманов көшесі мен Жаңа алаң қоршауға алынған.

Олардың сөздерінше, атылған қару дауысы естілген. Полиция қызметкерлері болса, атыс туралы мәліметті жоққа шығарды.



«Атыс болғаны туралы мәліметтер шындыққа жанаспайды. ІІД-нің қызметкерлері тарапынан жедел шара жүргізілді, соның нәтижесінде қылмыстық құқықбұзушылық жасаған екі күдікті қолға түсті»,-деп хабарлады Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіндегілер.

Соңғы жаңалықтар