Алматыдағы «Альфа» банкті кім тонағаны белгілі болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат  - Алматыдағы «Альфа» банкті 65 млн теңгеге кім тонағаны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлағандай, жедел іздестіру жұмыстары нəтижесінде телефон қоңыраулары тексеріле келе 2 адам күдікті ретінде ұсталды. Олардың бірі - банк қызметкері, күзетші.

«Күдіктілерден 65 млн 300 мың теңге көлемінде ақша тəркіленді. Олар уақытша ұстау абақтысына жеткізілді», - делінген таратылған хабарламада.

Айта кету керек, 27 маусым күні кешкісін «Арай» тұрғын үйінде орналасқан банк ғимараты тоналған еді.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 191-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар